A - Размер шрифта A +

Білім берудегі робототехниканың таңдаулы бөлімдері

Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика МИ базасында «Білім берудегі робототехниканың таңдаулы бөлімдері» тақырыбында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен семинар өтті.

Пән мұғалімдеріне оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдермен таныстыру мақсатында өткен семинарда «Робо-робо» көрмесі ұйымдастырылып, практикалық және дискуссиялық алаң жүргізілді.

Шарада «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Жаратылыстану (гуманитарлық) ғылымдарын оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Ф.Каракушекова, информатика пән мұғалімдері Т.Сүндетов, Б.Қордабаев өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарда облыстық білім беру мекемелері, жалпы білім беру ұйымдарының робототехника элективті курсын жүргізетін математика, физика, информатика 50 пән мұғалімдері қатысты.


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші