A - Размер шрифта A +

Ең үздік жыл психологы

Білім беру ұйымдары психологтарының шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелерімен бөлісу, психологиялық-педагогикалық идеялары, жобалары және іс-тәжірибелерімен алмасу мақсатында ағымдағы жылдың  2 қарашасында республикалық «Ең үздік жыл психологы» байқауы өтті.

Аталған байқауға биылғы жылы облысымыздан 5 педагог-психолог қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Олар: І дәрежелі диплом  Ойшиева Аля Калкеновна, Балқаш ауданы, Ақдала орта мектебі және Бояулы шағын жинақталған бастауыш мектебінің педагог-психологы;

ІІ дәрежелі диплом Нұрғалиева Талшын Дәулетқызы,Талдықорған қаласы, №18 орта мектеп-лицейінің педагог-психологы;

ІІІ дәрежелі диплом Сандибекова Гульдана Ғалымбекқызы,  Талғар қаласы, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Гагарин атындағы №8 мектеп-гимназиясының педагог-психологы;

«Үздік эссе» номинациясы Чинибекова   Айман  Шәрипбайқызы, Ақсу ауданы, І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің педагог-психологы;

«Үздік портфолио» номинациясы Касенова София Маратовна Ескелді ауданы, М. Маметова атындағы орта мектебінің педагог-психологы.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші