A - Размер шрифта A +

Аймақтық семинар

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Жаңартылған білім мазмұны аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында Іле ауданы «Әдемі» балабақшасы  мен Қапшағай қаласы «Гүлдер» балабақшалар  базасында аймақтық семинар өтті.

Тәжірибелік алаңда тәрбиешілер балабақшада оқу қызметтерін кіріктіру, оқу қызметтерінде инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі туралы өз іс-тәжірибелерімен  бөлісті.

Іс-шараға Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Балқаш аудандары мен Қапшағай қаласындағы жекеменшік балабақша мен шағын-орталықтар педагогтары қатысты.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші