A - Размер шрифта A +

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2017 жылғы 24 қарашасында Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан  облыстары білім басқармаларының өзара ынтымақтастық іс-шаралар жоспары негізінде орта білім беру саласында үш тілде оқыту бағдарламаларын енгізуде «Физика», «Химия», «Биология» және «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін дарынды балаларға арналған арнаулы және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі» тақырыбында өңіраралық он-лайн режимінде семинар өтті.

Семинар жұмысына Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жалпы білім беру ұйымдары қосылды.

Үштілділік білім мазмұнын жаңартудың маңызды шартының бірі ретінде диалогтық алаң жұмысына төрт облыстың мамандары белсене қатысты.

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші