A - Размер шрифта A +

Билингвальды оқытуда оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талғар  ауданы  Гүлдала ауылы шағын орталығы бар №21 орта мектебі базасында билингвальды оқытуда оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру, әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында «Билингвальды оқытуда оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру» (ұйғыр сыныптарындағы пән мұғалімдеріне арналған) тақырыбында тәжірибе бөлісу алаңы өтті.

Шара барысында «Билингвальды оқыту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мүмкіндіктері»  тақырыбында шебер-сынып, «Жаңартылған бағдарлама аясында билингвальды оқыту мәселелері» кәсіби сұхбат жүргізілді.

Тәжірибе бөлісу алаңына 36 ұйғыр сыныптарында сабақ жүргізетін пән мұғалімдері қатысты.     

 

       

                                    

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші