Химия пәнін оқытудағы өзекті мәселелер
A - Размер шрифта A +

Химия пәнін оқытудағы өзекті мәселелер

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен жаңа форматта химия пәнін оқытудағы ерекшеліктер мен пәндік білім сапаны көтеруде педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында он-лайн режимінде «Химия пәнін оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында химия пәнінен логикалық тапсырмаларды орындау, күрделі олимпиада есептерін шығару алгоритмдері бойынша Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы №24 дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған лицейінің химия пәні мұғалімі Әмір Сәулетхан, білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өткізудегі емтихан, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу әдістемесімен Қаратал ауданы, Б.Римова атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Баялиева Гаухар Еркебаевна өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы №26 ОМ-тің химия пәні мұғалімі, «Химия» пәні бойынша облыс тренері Сауырбаева Күляш Ермұханбетқызы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында химия пәнін оқыту ерекшеліктері мен критериалды бағалау мәселелері жайлы таныстырылым жасады. Он-лайн семинарға облыстың 133 мектебі қосылды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші