Психологиялық қызметтегі түзету, дамытудың тиімді жолдары
A - Размер шрифта A +

Психологиялық қызметтегі түзету, дамытудың тиімді жолдары

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен психологиялық түзету – теңестіру, дамытудың  тиімді жолдарын ұсыну, түзету, дамыту бағытындағы тиімді әдістерді қолдануда әдістемелік  және практикалық көмек беру мақсатында Ұйғыр ауданы, Тиірмен ұйғыр ОМ және Панфилов  ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ОМ базаларында әдістемелік десант өтті.

Іс - шара барысында тренингтер, шебер-класс, постер-сессия жұмыстарында 1 сынып оқушыларының психологиялық түзетудің  тиімді жолдары,  5 сынып оқушыларының психологиялық  дамытудың ерекшеліктері, 11 сынып оқушыларын психологиялық қолдаудың тиімді әдістері айтылып, әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған шараға 81 педагог - психологтар қатысты.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші