A - Размер шрифта A +

Пәндік білім сапаны арттыруда белсенді әдіс-тәсілдердің қолданылуы

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қапшағай қаласы, Райымбек, Талғар, Іле, Жамбыл, Қарасай, Балқаш аудандырында оқытудағы пәндік білім сапаны арттыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек беру мақсатында «Пәндік білім сапасын арттыруда белсенді әдіс-тәсілдердің қолданылуы» тақырыбында ағымдағы жылдың 4 - 8 желтоқсан аралығында әдістемелік десант өтті.

Аталған шара барысында пән мұғалімдері тәжірибе бөліссе, білім беру мазмұнын жаңарту аясында пәндер бойынша облыс тренерлері коучинг-сессиялар, шебер-кластар көрсетіп, соңында кәсіби сұхбат жүргізілді. Әдістемелік десантта жалпы 465 педагог қамтылды.

 

 

 

 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші