A - Размер шрифта A +

Сабақтастық - шағын жинақты мектептегі сапалы білім кепілі

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Ақсу ауданы Қарасу бастауыш мектебі базасында білім мазмұнын жаңарту жағдайында орта мектеп және шағын жинақты бастауыш мектеп сабақтастығын жетілдіруде педагогтардың  кәсіби  потенциалын көтеру мақсатында аймақтық семинар өтті.

Семинар бағдарламасы бойынша ашық сабақтар және шебер-класстар көрсетілді. Шараға қатысушылар «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақтастық мәселесі» тақырыбындағы дөңгелек үстелде бастауыш мектеп пен орта буын арасындағы бірізділік жайлы өз ойдарын ортаға салды.

Семинар жұмысына Ақсу, Сарқан аудандары шағын жинақты бастауыш мектептерінен 35 мұғалім қатысты.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші