A - Размер шрифта A +

«Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу барысы

22 қарашада Талдықорған қаласы №42 балабақшасының «Лучики» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі С.Джексембаева ата-аналарға арналған  «Әліппе» ашық оқу қызметін өткізді. Ашық сабаққа 12 ата-ана қатысты. Оқу қызметінің тақырыбы: «Нет краше Родины нашей. Звуки [г], [г']. Буква Г г».

Мақсаты: Гг дыбысы және әрпімен таныстыру, балалардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, өткен әріптерден сөз, сөйлем құрауға үйрету. Ұйымдастыру кезеңінде өткен  әріптерден сөздер құрап,  балалардың ойлау қызметін арттыру  мақсатында «Кім қанша сөз біледі?» дидактикалық ойынын жүргізді. Әліппе оқулығында берілген барлық тапсырмаларды балалар қызығушылықпен орындап, өткен әріпке байланысты тіл ұстарту жаттығу жасап дыбысты дұрыс айтуға машықтанды.


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші