«Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу барысы
A - Размер шрифта A +

«Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу барысы

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Жамбыл ауданы «Ұлан» балабақшасы «Жауқазын» мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Б.Рахманбергенова ата-аналарға «Әліппе» ашық оқу қызметін өткізді. Ашық оқу қызметіне  15 ата-ана қатысты. Оқу қызметінің тақырыбы «Менің отбасым. У у дыбысы мен әрпі».

Ұйымдастырушылық оятушылық кезеңде ашық оқу қызметі шаттық шеңберін жасаудан және отбасы туралы жұмбақ жасыру арқылы оқу қызметін бастады. Тәрбиеленушілерді ынталандыру үшін танымдық қызметті арттыруда отбасы мүшелері есімдерінен У дыбысын табу арқылы жүргізді. Сонымен қатар, тәрбиеші У дыбысы бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс болатыны жайлы түсінік берді. У әрпінің баспа түрімен танысты. Әліппе жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды балалар жақсы орындады.

Ата-аналарға өтілген ашық сабақ туралы ақпарат Фейсбук, Инстаграм желілеріне және облыстық, аудандық білім бөлімінің сайттарына жарияланды.

 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші