«Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу барысы
A - Размер шрифта A +

«Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу барысы

2017 жылдың 22 қарашасында Талдықорған қаласы Ш.Уалиханов атындағы №10 мектеп гимназиясы мектепалды даярлық сынып мұғалімі А.Нурмолданова 0 «А» сыныбының ата-аналарына арналған «Әліппе» пәні бойынша «Д дыбысы және әрпімен таныстыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа 9 ата-ана қатысты.

Мұғалім өзінің сабағында оқушыларды өзіне қарата алды. Сабақ бойы оқушының жауабына түзетулер енгізіп, олардың толық жауап беруіне талап етті. Оқулықта оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар орындады. Әліппемен жұмыс барысында, оқулықтағы суреттерге қарап әріптің орнын тап тапсырмасын балалар қызыға тез таба білді. Сабақ бойы оқушылардың жас ерекшілігіне сай, ойлау әрекетін жандандыруда мұғалім белсенді оқыту әдістерін қолданды.   


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші