Әріптестеріміз жүлдемен оралды
A - Размер шрифта A +

Әріптестеріміз жүлдемен оралды

2018 жылғы 12-13 қаңтар күндері Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде математика, физика, информатика мұғалімдері мен олимпиада тренерлерінің ашық республикалық шығармашылық конкурсы өтті. Дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді және кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгергенін көрсететін олимпиадалық резерв тренерлерін анықтауға және  қолдауға бағытталған бұл байқау әрбір пән бойынша екі лигада өтті.

Біздің облыстан қатысқан педагог тренерлер лигасы бойынша  «Білім-инновация» мектеп-интернат лицейінің математика пәні мұғалімі Тұратбеков Азат Алпысбайұлы ІІІ дәрежелі дипломды иеленсе, Ш.Смағұлов атындағы  дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының информатика пән мұғалімі  Берік Мағжан Темірханұлы  ІІ дәрежелі дипломмен  марапатталды.

 Ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші