Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері
A - Размер шрифта A +

Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері

Облыстық әдістемелік кабинеті Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесіп Ш.Уалиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы базасында мектеп үйлестірушлері мен 1,2,3,5,7 сыныптарда сабақ беретін мұғалімдеріне арналған «Қалыптастырушы  бағалаудың тиімді әдістері» тақырыбындағы пилоттық мектептің іс-тәжірибесін тарату, педагогтарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында аймақтық семинар өткізді.

Семинар жұмысы «Мен осылай жасаймын!» атты тәжірибелік бөліммен жалғасып, онда 27 ашық сабақ көрсетілді. Тәжірибелік бөлім «Біз осылай жасаймыз!» атты шебер-класс жұмыстарына ұласты.

Аталған шараға Талдықорған, Текелі қалаларының,  Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарының 282 мектеп үйлестірушілері мен ұстаздары қатысты.

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші