CLIL әдісін сабақта қолдану
A - Размер шрифта A +

CLIL әдісін сабақта қолдану

 

2017 - 2019 жылдарға арналған «Үш тілде білім беруді дамытудың» кешенді жоспарын іске асыру, үш тілде оқыту бағдарламаларын енгізу мақсатында «Физика», «Химия», «Биология»  «Информатика» және ағылшын тілі пәні мұғалімдері тілдік курстан алған білімдерін іс-тәжірибеде ұштастыру, жалпы білім беру мекемелерінде «CLIL» әдісін оқу үрдісінде тиімді қолдану және тәжірибесін таратуда Қарасай  ауданы, «Қарасай батыр атындағы орта  мектеп, мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ базасында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен семинар - практикум өтті.

Аталаған шарада ашық сабақтар көрсетіліп,  дискуссиялық алаң жұмысында өткізілген сабақтарға талдау жасалып, коучингтер мен шебер - сыныптар, психологиялық тренингтер жүргізіліп, кері байланыс берілді. Семинар жұмысына барлығы  86 пән мұғалімдері қатысты.

 


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші