A - Размер шрифта A +

Физика пәнінен қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау жолдары

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  «Физика пәнінен қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау жолдары» тақырыбында он-лайн режимінде (физика пәні мұғалімдеріне арналған) облыстық семинар өтті.

Физика пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында өткен семинарға жалпы орта білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдері қатысты.

«Физика пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық жолдары» тақырыбында Жамбыл ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің  физика пәні мұғалімі Л. Әріпжанова,  «Қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде қиындықтар тудырған тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында Іле ауданы, №14 орта мектебінің физика пәні мұғалімі К. Тажимбетова  семинарда өз тәжірибелерімен бөлісті.

Он-лайн режимінде өткен семинарға 103 мектеп қосылды.

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші