A - Размер шрифта A +

«Туған жер» бағдарламасы аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің география және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., г,ғ.к. Е.Тоқпановпен кездесу

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №16 ОМГ базасында «Мектептегі туристік – өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің география және экология кафедрасының қауымдастырылған  профессоры м.а., г,ғ.к. Е.Тоқпановпен кездесу өтті.

«Туған жер» бағдарламасы  аясында пән мұғалімдеріне туризм және жергілікті өлкетану іс-әрекетін ұйымдастыруда ғылыми- әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өткен кездесуде туристік-өлкетану жұмысын жүргізу бойынша тәжірибелік алаңда мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Көкейде жүрген сан сұрақ ...» тақырыбында лекция- диалогта профессоры м.а., г,ғ.к. Е.Тоқпанов өз тәжірибелерімен бөлісті.

Профессоры м.а., г,ғ.к. Е.Тоқпановпен кездесуге 54 педагог қатысты.


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші