Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 17 ақпанында Талдықорған қаласы №17 орта мектеп базасында «Express Publishing» баспасының өкілдерімен өкілдерімен "Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер"тақырыбында семинар тренинг өтті.
Семинар 2018-2019 оқу жылы жаңартылған білім бағдарламасы аясында 6-8 сынып оқушыларына арналған Excell оқулығымен танысу, педагог мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында Көксу,Сарқан, Қаратал және Текелі, Талдықорған қаласының ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен ұйымдастырылды.
Аталған шараға 100 маман қатысты.