PISA халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
A - Размер шрифта A +

PISA халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылы А.Қарсақпаев атындағы орта мектебі базасында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «PISA халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты облыстық оқыту семинары өтті.

Семинарда «ӨРЛЕУ» «БАҰО» АҚ филиалы АОБПҚБАИ Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к., доценті А.П.Мустафаев пен «ТЭТРА КZ» қосымша білім беру орталығының директоры М.А.Омарова PISА тапсырмаларын құрастыруда облыс педагогтарына ғылыми-теориялық тұрғыда бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсетті.

Аталған шараға 72 математика және физика пәні мұғалімдері қатысты. 


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші