Кеңес алаңы өтті
A - Размер шрифта A +

Кеңес алаңы өтті

Облыстық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспары негізінде 2018 жылдың 13 наурызында Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы орта мектебі базасында «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалану жолдары» атты кеңес алаңы өткізілді.

ПШО тренерлерімен бірлескен іс-шарада мұғалімдерге критериалды бағалауды қолдануда кездескен қиындықтарды шешу жолдарын көрсету, әдістемелік қолдау мақсатында сұрақ – жауап алаңы, коучинг, тренингтер жүргізілді. Талдықорған қаласы «НЗМ» ДББҰ ПШО тренері М.Сатаев, білім беру мазмұнын жаңарту аясында облыс тренерлері К.Сауырбаева мен А.Досыкенова оқу мен оқытудағы саралау, кері байланыс, қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістерін таңдау, кездескен кедергілер және оларды шешу жолдарын көрсетті.

Кеңес алаңы жұмысына жалпы білім беретін мектептерден 55 қазақ тілі мен әдебиеті және география пәндері мұғалімдері қатысты.


 

                                                                                                

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші