A - Размер шрифта A +

«Алтын диск» байқауы

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Қарабұлақ орта мектебі базасында жалпы орта білім беру мекемелерінің информатика пәні мұғалімдері арасында облыстық «Алтын диск» байқауы өтті.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында педагогтың кәсіби мәртебесін арттыру мақсатында өткен бұл байқаудың қазылар алқасына І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, ph докторы А.Шалтабаев, Талдықорған қ. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Р.Рамазанов, 2016 жылғы «Алтын диск» байқауының жүлдегері, Талдықорған қаласындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі, ақпараттық жүйелер магистрі Д.Ибраев қатысты.

         Байқау нәтижесінде:

І орын - Копеева Гүлдана Амангелдиевна, Іле ауданы М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі информатика пәні мұғалімі.

 ІІ орын - Тұрсынбаев Алмас Саматұлы, Алакөл ауданы, №1 орта мектебі, информатика пәні мұғалімі.

ІІІ орын - Кордабаев Бекзат Муханович, Капшағай қаласы, Орта мектеп-гимназиясының, информатика пәні мұғалімі.

ІІІ орын - Тұтқабаева Сәуле Сатыбалдықызы,Талдықорған қаласы,№9 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі иеленіп, өзге ұстаздарға «Шығармашыл мұғалім», «Жаңашыл мұғалім», «Ізденімпаз мұғалім», «Креативті мұғалім», «Тьютор мұғалім» номинациялары берілді.

Байқауға  15 ауданның информатика пән мұғалімдері қатысты. 


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші