A - Размер шрифта A +

Әдістемелік десант

Кербұлақ ауданында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14 наурызында оқу үрдісінде бағалау, саралау және кері байланысты тиімді қолдану мен жүргізуде химия, биология пәндері мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «Оқыту сапасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың рөлі» тақырыбында әдістемелік десант өткізілді.

Іс-шара барысында химия, биология пәндерінен ашық сабақтар өткізіліп, Іле ауданы №20 мектебінің химия пәні мұғалімі А.Екейбаева  өз тәжірибесімен бөлісті.

Облыстық әдістемелік кабинеті тарапынан пән мұғалімдеріне сабақты жоспарлау, оқу мақсаттарына жету және оқу үрдісінде саралау жүргізуде әдістемелік ұсынымдар берілді.

Бұл шараға ауданнан  39 педагог қатысты.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші