A - Размер шрифта A +

Жаңартылған бағдарлама аясында математикалық сауаттылықты арттыру жолдары

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы, №14  орта мектеп- гимназия  базасында бастауыш сыныптарда стандарттан тыс есептерді шешу жолдарын қарастыруда «Жаңартылған бағдарлама аясында  математикалық сауаттылықты арттыру  жолдары» атты облыстық семинар өтті.

Республикалық пәндік комиссия мүшесі Талдықорған қаласы Ш.Уәлиханов атындағы пилоттық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі В.Лигоминова жаңартылған бағдарлама бойынша  3 сыныптарға арналған  оқу-әдістемелік кешендерінің ерекшеліктерімен таныстырды.

«ТЭТРА KZ» қосымша  білім беру  орталығының директоры М.Омарова оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған есептерді шығару жолдары туралы коучинг - сессия  жұмысын жүргізді. Аталған шараға 90 педагог қатысты.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші