A - Размер шрифта A +

Білім сапасын арттыруда сабақты зерттеудің маңызы

Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы №1 Рахат орта мектебі  базасында    мектеп басшыларына арналған «Білім сапасын арттыруда сабақты зерттеудің маңызы» тақырыбында семинар  өтті.

Семинардың мақсаты -  инновациялық басқаруда сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін жүргізу бойынша мектеп басшыларының кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.

Шара барысында Алматы қаласындағы  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Б.Асубаев, Алматы қаласындағы  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Ғ.Толықбаева, Талдықорған қаласы  №14 орта мектеп-гимназиясының директоры Г.Еспанова жұмыс жүргізді. Семинарға 120 мектеп директорлары қатысты.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші