A - Размер шрифта A +

Пән мұғалімдері арасында облыстық пәндер олимпиадасы

2018 жылдың 30 наурызында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында пән мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейін анықтау, кәсіби шеберлігін шыңдау, күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындау және тәжірибелерін насихаттау мақсатында Б.Бірімжанов (химия), М.Ломоносов (физика), математика, биология, география және информатика пәндері бойынша облыстық пәндер олимпиадасы өтті.

Олимпиада жұмысына І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғалымдары, білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Талдықорған аумақтық кеңесінің бас маманы қатысты.

Олимпиадаға қатысушы ұстаздардың жұмыстарын облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері, ЖОО мамандары, «НЗМ» ДББҰ ПШО, ДБАЛ мамандарынан құрылған эксперттік топ мүшелерінің сараптауынан өтіп, олимпиада жұмысына қазылар алқасы жалпы қорытынды бойынша:

Гран при М.Ломоносов (физика)  - В.Жилина Талдықорған қаласы  №2 ОМ;

Гран при Б.Бірімжанов (математика) -  Қалибай Әділғазы Алакөл ауданы Жыланды ОМЛ;

Гран при Б.Бірімжанов (химия) - Г.Балиева Қаратал ауданы Б.Римова ат. ОМГ;

І орын  Биология пәні мұғалімдері арасындағы облыстық олимпиада - М.Умрхалыкова Ескелді ауданы М.Маметова ат. ОМ;

І орын География пәні мұғалімдері арасындағы облыстық олимпиада - С.Демеуова Талдықорған қаласы Абай ат. №1 ОМГ.

Олимпиадаға облыс бойынша 103 педагог қатысты.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші