A - Размер шрифта A +

«Инновациялық қозғалыс» жобасын іске асыру

«Инновациялық қозғалыс»жобасы аясында облыстық әдістемелік кабинеті Талдықорған қаласы, №3 «Балбөбек» сәбилер балабақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда кіріктірілген оқу қызметін жүргізудегі тәй-тәй технологиясының тиімділігі» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, шағын орталықтар, жеке меншік балабақшалар тәрбиешілеріне арналған облыстық семинар өткізді.

«Тәй-тәй» технологиясы бойынша оқу қызметтерін кіріктіріп ұйымдастыру арқылы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатымен өткен семинарда тәжірибелік алаң, шебер-класс жұмыстары жүргізілді. Семинарға МДҰ 74 педагог қатысты.


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші