«Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» облыстық үздік сабақтар фестивалінің қорытындысы
Білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарға қолдау көрсету және кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында«Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында облыстық үздік сабақтар фестивалі Талдықорған қаласы, №12 ОМГ (жаратылыстану және жаратылыстану-математикалық бағыттары) және №16 орта мектеп-гимназияларында (бастауыш білім беру, филология, қоғамдық-гуманитарлық, өнер, технология, дене шынықтыру және АӘД пәндері бойынша ) өтті.
Қазылар алқасы шешіміне байланысты төменде аты аталған педагогтар облыстық үздік сабақтар фестивалінің жеңімпаздары атанды:
Бастауыш білім беру:
І орын – А.Рыскельдинова, Ескелді ауданы Жетісу ОМ;
Филология (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті) пәндері:
І орын – Н.Максименко, Сарқан ауданы, Абай атындағы ОМГ;
Қоғамдық-гумманитарлық пәндері (тарих, ағылшын тілі):
І орын – Г.Данабаева, Текелі қаласы, №1 ОМ;
Жаратылыстану (география, химия, биология) пәндері:
І орын – Г.Кустаубаева, Көксу ауданы, М.Құрманов атындағы ОМ;
Жаратылыстану-математика пәндері (математика, физика, информатика):
І орын – Ж.Сейдагалымова, Жамбыл ауданы, Қазыбек бек ОМ;
Өнер, технология, дене шынықтыру және АӘД пәндері:
І орын – Г.Турлекиева, Райымбек ауданы С.Сауранбаев атындағы ОМ.