A - Размер шрифта A +

«Туған жер» бағдарламасы – рухани жаңғырудың өзегі» педагогикалық проспект

«Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыруда облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы Қарасай батыр атындағы орта мектебі базасында «Туған жер» бағдарламасы - рухани жаңғырудың өзегі» атты педагогикалық проспект өтті.

Шараның мақсаты - «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыруда педагогтың өлкетану жұмыстарын жүргізу тәжірибесін тарату. Шара барысында Қарасай ауданы, М.Бейсебаев атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі, өлкетанушы Орынбасар Басарұлы Жанәділ өз тәжірибесімен бөлісті.

Қарасай ауданының тарихи – мәдени орындары - «Атамекен» мәдени орталығы, Аңырақай шайқасына арналған ескерткіш монумент, Қаскелең қаласындағы тарихи - өлкетану мұражайы, «Анаға құрмет», «Батыр бабалар рухына тағзым» мұражайларына экскурсия ұйымдастырылды. Аталған 40 облыстағы география және тарих пәндері мұғалімдері қатысты.


 

 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші