A - Размер шрифта A +

Облыстық семинар

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы №11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай-бақшасы базасында  мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасайтын педагог мамандардың тәжірибесін тарату, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді жетілдіру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар барысында МДҰ тәрбиешілері арнаулы топ балаларымен ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерін көрсетті. Сонымен қатар, тифлопедагог С.Балтабекқызы «Көз қитарлығы және амблиопиямен ауыратын балалармен жүргізілетін педагогикалық түзету жұмыстары», ағылшын тілі мұғалімі Ж.Екибаева «Балабақшада ағылшын тілін үйретудің заманауи тәсілдері» тақырыптарында жұмыстар жүргізді. Шараға 65 педагог қатысты.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші