A - Размер шрифта A +

«Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы аймақтық семинар

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы әл-Фараби атындағы ОМ базасында Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Қарасай, Балқаш, Іле  аудандарының жалпы орта білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен тарих пәндері мұғалімдеріне арналған аймақтық семинар өтті.

Оқытудағы білім сапасын арттыру, мектеп бітіруші түлектерді қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдарымен бөлісу, іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткен шарада ашық сабақатар, шебер-класс алаңы жүргізілді. Аймақтық семинарға 45 педагог қатысты.

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші