A - Размер шрифта A +

Облыстық «Химия, биология пәндерінен қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстары» on-line семинары

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы базасында мектеп түлектерін мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және жаңа форматтағы ҰБТ-ге дайындық жүргізуде тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында «Химия, биология пәндерінен қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстары» облыстық on-line семинары өтті.

Семинарда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, жаратылыстану-техникалық факультетінің химия және биология кафедрасының  аға оқытушысы А.Кабдрахманова  «ҰБТ тапсыруда химия, биология пәндерін таңдаған мектеп бітіруші түлектердің ЖОО-на түсу мүмкіндіктері», Жамбыл ауданы Үмбетәлі Карибаев атындағы ОМ химия пәнінің мұғалімі З.Баймуратова «Подготовка к итоговой аттестации и ЕНТ по химии», Ескелді ауданы М.Маметова атындағы ОМ биология пәні мұғалімі М.Умирхалыкова «Мектеп түлектерін биология пәнінен мемлекеттік қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындық жүргізу әдістері» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық on-line семинарына 134 мектеп қосылды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші