A - Размер шрифта A +

«WorldSkills Almaty2018» Аймақаралық кәсіби шеберлік чемпионаты

Алматы облысының  26 техникалық және кәсіптік  білім алушысы  Алматы қаласында 2018 жылдың 26-27 сәуір аралығында 12 мамандық бойынша «WorldSkills Almaty2018»  аралық  кәсіби  шеберлік чемпионатына  қатысты. Алматы қаласы колледждерінің базасында өткен кәсіби шеберлік  чемпионатында екі аймақтан 37 білімгер сайысты.

Аймақаралық чемпионат қорытындысы бойынша:

І орын - Қантөре Сандуғаш Алматы экономикалық колледжі «Кондитер» құзіреттілігі бойынша; ІІ орын -  Құлжабеков Самат Талдықорған агротехникалық колледжі, «Веб-дизайн»; Турсинбекова Асия, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар  колледжі  «Шаштараз өнері»; Жанабек Заңғар Алматы экономикалық колледжі  «Желілік және жүйелік әкімшілік ету», Рахимов Мамуржон  Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі «Құрғаққұрылыс және сылақшылық жұмыстар»,  Мамедов Фархат Есік кәсіптік-техникалық колледжі «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттіліліктері бойынша; ІІІ орынПорубова  Виктория  Талдықорған сервис және технология колледжі «Шаштараз өнері»; Ержанов  Ерик  Талдықорған политехникалық колледжі «Веб-дизайн», Байниет Сымбат  Алматы экономикалық колледжі  «Графикалық дизайн»; Шабанова  Татьяна Алматы экономикалық колледжі  «Кондитер», Клеменко Григорий  Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі, Маулен  Нұржан Алматы облысының  қызмет  көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар  колледжі  «Аспаз ісі»;  Түркебай Нұрым Талғар политехникалық колледжі «Дәнекерлеу технологиялары», Ақан Айгерім  Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар  колледжі  «Киім үлгісін модельдеу мен дизайны»,  Шахалов Ислам С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі «Электромонтаждық жұмыстар»; Панченко Павел  Көксу ауылшаруашылық колледжі «Жеңіл автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттіліліктері бойынша жеңімпаздар атанды.

Аймақаралық чемпионат жеңімпаздары Алматы облысының намысын маусым айында Астана қаласында өтетін ұлттық чемпионатта қорғайды.


 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші