Білімді жастар - ел болашағы
A - Размер шрифта A +

Білімді жастар - ел болашағы

Облыстық әдістемелік кабинеті мен Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі бірлескен жұмысы аясында «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Дәнекерлеу ісі», «Фермер шаруашылығы», «Құқықтану», «Ақпараттық жүйелер», «Қаржы», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру» мамандықтарының арнайы пәндері бойынша облыстық олимпиада өтті.

Өткен шарада 27 колледжден 120 білім алушылар бірінші кезекте теориялық, екінші кезекте өздерінің тәжірибелік білімдерін көрсетті.

Қатысушылардың білімін бағалау үшін облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері, Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының оқытушылары, Талдықорған қаласының орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мамандары мен  колледждің әлеуметтік серіктестері  шақырылды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»  шыққан жеңімпаздар  дипломдар  және сертификаттармен марапатталды.

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші