A - Размер шрифта A +

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында «Әліппе» оқу әдістемелік кешенін апробациядан өткізу барысы

Талдықорған қаласы №42 балабақша базасында «Әліппе» оқулығымен оқу-әдістемелік кешенін апробациядан өту барысымен таныстыру, мектепалды даярлық  сыныбы және топтары педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында «Әліппе» оқу әдістемелік кешенін апробациядан өткізу барысы» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Аталған іс-шараға «Алматыкітап» баспасы «Әліппе» оқу-әдістемелік кешенінің авторы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің деканы п.ғ.д., профессор С.Жиенбаева қатысып педагогтарға әдістемелік кешеннің ерекшеліктері мен «Сауат ашу негіздері» оқу қызметінің сабақтастығы туралы мәлімет берді.  Семинарда педагогтармен постер-сессия жұмысы жүргізілді. Шарада  40 педагог қамтылды.


 

 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші