Әдіскер шеберханасы
A - Размер шрифта A +

Әдіскер шеберханасы

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Ақсу ауданы «Айжұлдыз» балабақшасы базасында «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттырудағы заманауи көзқарас» атты әдіскер шеберханасы өтті.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың жаңартылған бағдарламасы аясында балабақша әдіскерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен шарада «Ұйымдастырылған оқу қызметіне әдіскердің талдау жүргізуі», «Тәрбиешілердің шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдері»,  «Балабақшада әдістемелік қызметті жүйелі ұйымдастыру жолдары» тақырыптарында іскерлік ойындар жүргізілді. Әдіскер шеберханасы жұмысына 38 педагог қамтылды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші