Математика пәнінен қиындық тудырған күрделі есептерді шығарудың жолдары
Алматы облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 8 ақпанында Іле ауданы №47 орта мектебі базасында стандартты емес, қиындығы жоғары деңгейдегі математикалық есептерді шығару және пән мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру мақсатында «Математика пәнінен қиындық тудырған күрделі есептерді шығарудың жолдары» тақырыбында шеберлік сынып өтті. Іс-шара барысында математика пәні мұғалімдері қиын есептерді қысқа жолмен шығару мен математикалық сауаттылыққа негізделген логикалық тапсырмаларды орындау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған шараға 75 педагог қатысты.