Жаңартылған білім беру бағдарламасы: мазмұн, ізденіс, тәжірибе
2019 жылы 15 ақпанда облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде құзіретті мамандарды қалыптастыруда инженер-педагогтарға әдістемелік көмек беру мақсатында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы: мазмұн, ізденіс, тәжірибе» тақырыбында әдістемелік десант жұмысын өткізді. Іс-шарада Шонжы политехникалық колледжінің инженер-педагогтары «Аспаз», «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандықтары бойынша ашық сабақ өткізіп, Жаркент гуманитарлық-техникалық, Шонжы политехникалық колледждерінің оқытушылары шебер-кластар арқылы тәжірибе бөліссе, диалогтық алаң аясында «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының штаттан тыс тренерлері құзіретті тәсілге негізделген модульді оқытудың ерекшеліктерін көрсетті. Әдістемелік десант жұмысына 40 инженер-педагог қатысты.