«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін информатика сабақтарында қолдану жолдары» тақырыбында облыстық вебинар
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін информатика сабақтарында қолдану жолдары» тақырыбында облыстық вебинар ұйымдастырды. Вебинарда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде информатика пәні бойынша студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін оқу үрдісінде қолдану мәселелері талқыланды.