Физика пәнін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі
«Физика пәнін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі» тақырыбындағы аймақтық семинар туралы мәлімет
Физика пәні сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарын насихаттау мақсатында Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2016 жылғы 21 қазанда Алматы облысы, Талғар ауданы, №23 орта мектебінің базасында «Физика пәнін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі» тақырыбында аймақтық семинар өткізді.
Семинар барысында Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарының ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында ашық сабақтар, презентациялар, шебер-кластар көрсетіп, тәжірибе алмасты. Семинар соңында ұсыныстар қабылданып, жұмыс нәтижесі туралы пікірлер тыңдалды. Аталған шараға 50-ден астам мұғалім қатысты