Әдістемелік десант «Дарынды балаларды психологиялық тұрғыда анықтау және зерттеу жолдары»
Облыстық әдістемелік кабинет «Дарынды балаларды психологиялық тұрғыда анықтау және зерттеу жолдары» тақырыбында Талдықорған қаласының қазақ - түрік жасөспірімдер лицей – интернатында әдістемелік десант өткізді.
Әдістемелік десанттың мақсаты: Психологиялық түзету – теңестіру, дамытудың тиімді жолдарын ұсыну, түзету, дамыту бағытындағы тиімді әдістерді қолдануда әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Жұмыстың жоспары ашық сабақ, шебер – сынып, постер – сессия түрінде ұсынылды.