Облыстық үздік сабақтар фестивалі
«Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші»
Шығармашылық сайыстың басты мақсаты: инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдану және педагогикалық кәсіби шеберліктерін насихаттау болды. Фестивалдің ІІ кезеңіне 18 оқытушы өтіп, нәтижесінде жүлдегерлер анықталды:
І орын - Салыков Бейбіт Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі, Хасен Әйгерім Талдықорған агротехникалық колледжі. ІІ орын - Нурамбаев Жанат Есік гуманитарлы – экономикалық колледжі, Абилькаримов Шалқар Талдықорған гуманитарлы – техникалық колледжі. ІІІ орын - Мукашева Жанайгүл Талдықорған заң колледжі, Қабылбекова Лаззат Жаркент көпсалалы колледжі, Бейсембаева Жазира «Білім» гуманитарлы – техникалық колледжі, Оңғарова Ақмарал Алматы экономикалық колледжі. Фестивалдің соңында қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.