Әдістемелік күн
«11 сынып оқушыларының эссе жазуға дағдыларының дамуы»
Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға / эссе жазуға / дайындау жұмыстарын жетілдіру және педагогтардың бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында «11 сынып оқушыларының эссе жазуға дағдыларының дамуы» тақырыбы бойынша Талдықорған, Текелі қалаларында және Қаратал, Көксу, Ескелді аудандарында әдістемелік күндер өтті. Іс-шараның бағдарламасы аясында сабақтарға қатысу, дөңгелек үстел отырысында өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісу, жазылған эсселеріне талдау жүргізді. Әдістемелік күн жұмысына 76 орыс тілі және орыс әдебиеті мұғалімдері қатысты.