«Жігер» жас мамандар шығармашылық тобының отырысы
Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен жас мамандардың шығармашылық тәжірибелерін өзара бөлісу және оны ұйымдастыру мақсатында «Жігер» шығармашылық тобының отырысы өтті. Іс-шараның бағдарламасына жас мамандардың жұмыстарында қиындық туғызатын мәселелердің шешімін табу үшін, сыни тұрғыда ой-өрістерін кеңейтуге тренинг пен коучингтер өткізілді. Қорытындылау кезінде әр топың ұсынысы бойынша келешекке жоспар құрылды. Отырыста облыстың 18 жас мамандары қатысты.