Үздік дефектолог – 2017
Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 28 наурызында талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын дефектологтарды анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында облыстық «Үздік дефектолог» байқауы өтті. Байқаудың қорытындысында жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды.