Аймақтық семинар
29 наурыз күні Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылындағы орта мектепте өзін - өзі тану пәні бойынша жоспарлаудың жаңа форматымен таныстыру, жеке тұлғаның даму процесін жетілдіруге бағытталған үздік әдіс – тәсілдермен бөлісу мақсатында «Адамдық асыл қасиет - рухани құндылықтар негізі» атты аймақтық семинар өтті.
Семинарға Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарынан 40 өзін - өзі тану пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинар аясында келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқылды: «Волшебная сила добра», «Білім беру үдерісін ізгілендіру жолдары», «Добрата вокруг нас», «Отбасы өмір аясы», «Все в твоих руках», «Жалпы адамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі», «Адам және отбасы», «Мәңгілік құндылықтар рухани адамгершілік тәрбие берудің негізі», «Өзін – өзі тану бойынша жоспарлаудың жаңа форматына қойылатын талаптар». Семинардың соңында кері байланыс өткізілді.