Аймақтық семинар
6 сәуір күні «Білім мазмұнын жаңарту аясында инновациялық менеджментті жетілдірудегі мектеп басшысының рөлі» тақырыбында Алакөл ауданы Қабанбай №1 орта мектебі базасында аймақтық семинар өтті. Басшыларға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өткен семинарға Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандарынан 42 мектеп басшылары қатысып, пікір алмасты.