Облыстық семинар
Талдықорған қаласы №4 орта мектеп базасында 05 мамыр күні әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті және үйден оқытуды ұйымдастыру» атты облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты - психологиялық түзету, түзете отырып дамыту жұмыстарының тиімді жолдарын, әдістерін ұсыну формалары бойынша тәжірибе алмасу. Семинарда психологтар видео - сабақ алаңдары, мастер-класс, постер - сессия өткізілді. Шараның соңында «Көзіммен көрдім, құлағыммен естідім, жүрегіммен сездім» атты кері байланыс жүргізілді.