Республикалық байқау
Талантты жас педагогтарды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» РМҚК РОСО базасында 2017 жылдың 17-22 сәуір күндері «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың ІII Республикалық байқауы өтті. Республика көлемінде қатысқан 65 жас маманның ішінен Алматы облысы Талдықорған қаласы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің физика пәні мұғалімі Жақсыбаев Қанат Абайбекұлы үздік атанып, «Гран при» иеленді.