Аймақтық семинар-тәжірибе
Үстіміздегі жылдың 16 мамырында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Текелі қаласы №5 орта мектеп базасында «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдерді оқу үрдісінде қолданудың тиімділігі» атты аймақтық семинар-тәжірибе өтті.
Семинардың мақсаты-мектепте оқыту мен оқуды жақсартуға негізделген өзін-өзі бағалау үрдісін жетілдіру. Тарих, математика пәні мұғалімдерінің қатысуымен өткен семинарда ашық сабақ, тренинг, коуч-сессияға 30 педагог қатысты.