Әдістемелік күн аясындағы ізденістер
Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен инженер-педагогтардың кәсіби шеберлігін дамыту әрі жетілдіру мақсатында Текелі кәсіптік колледжінің базасында «Білім беру үдерісіндегі белсенді стратегиялардың мүмкіндіктері» тақырыбында әдістемелік күн өтті.
Аталған әдістемелік күн жұмысына Көксу ауылшаруашылық, политехникалық, Бастөбе сервистік-техникалық, «Білім» гуманитарлық-техникалық, Бизнес, құқық және жаңа технологиялар, Талдықорған заң, Талдықорған политехникалық, Талдықорған агро-техникалық, Талдықорған сервис және технология, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар, Талдықорған гуманитарлық-техникалық, Жетісу әлеуметтік-гуманитарлық, Талдықорған гуманитарлық-экономикалық колледждерінің әдіскерлері және инженер-педагогтары ашық сабақ, презентация мен шебер-класс, дөңгелек үстел өткізу арқылы өзара тәжірибе алмасты.